Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Жақанов пен Шармановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

Опубликовано:

Төрегелді Шарманов
Фото: Facebook/Төрегелді Шарманов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Илья Жақанов пен Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жазушы Илья Жақановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілген.

Сондай-ақ, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа да "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді.

Жарлық бүгін, 18 наурыздан бастап күшіне енеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін дипломаттарды мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961386-prezident-zaqanov-pen-sarmanovqa-qazaqstannyn-enbek-eri-atagyn-berdi/

pixel