Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сердар Бердімұхамедов ресми түрде Түрікменстан президенті атанды

Опубликовано:

Сердар Бердімұхамедов
Сердар Бердімұхамедов. Фото: Igor Sasin/AFP/Getty Images

Таяуда ғана Түрікменстанда өткен кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жеткен Сердар Бердімұхамедов бүгін ресми түрде Түрікменстан президенті атанды, деп хабарлайды Туркменистан Сегодня басылымы.

Басылымның жазуынша, 19 наурызда елдің жаңа басшысын ұлықтау рәсімі өткен. Салтанатты рәсім Рухыет сарайында болған.

Айта кетейік, Түрікменстандағы кезектен тыс президенттік сайлау 12 наурыз күні өтті. Ел президенттігіне 9 адам үміткер болды.

Сайлау күні дауыс беруге құқығы бар азаматтар сағат 07:00 мен 19:00 аралығында дауыс беруге белсенді түрде атсалысқан.

Елде тіркелген 3 460 080 сайлаушының 3 362 052-сі немесе сайлаушылардың 97,17 пайызы дауыс берген.

Нәтижесінде 72,97 пайыз дауыс жинаған Түрікменстан премьер-министрінің орынбасары болған Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов жеңіске жеткен.

Кейін Сердар Бердімұхамедовті президент сайлауындағы жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961618-serdar-berdimuxamedov-resmi-turde-turkimenstan-prezidenti-atandy/

pixel