Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей Қазақстан шекарасындағы шектеулерді 30 наурыз күні алып тастайды

Опубликовано:

Қазақстан шекарасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің коронавирус инфекциясының жаңа түрі оның мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабы Қазақстан мен Моңғолия шекарасы арқылы өтуге бағытталған шектеулерді алып тастауға шешім қабылдады. Бұл туралы Ресей үкіметінің ресми Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өзгерістерге сәйкес, карантиндік шектеулерді жеңілдету аясында Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Қазақстанға Ресей-Қазақстан шекарасындағы құрлық учаскесі арқылы шығуына рұқсат етіледі.

Моңғолия мемлекеті үшін де дәл осындай өзгерістер енгізілді. Яғни, екі елдің азаматтары шекараның құрлық бөлігінен кедергісіз өте алады. Бұл өзгерістер 30 наурыз күні түннен бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, 11 наурызда Ресей билігі коронавирус пандемиясының таралуына байланысты енгізілген Қазақстанға қатысты әуе жолының барлық шектеуін алып тастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961954-resei-qazaqstan-sekarasyndagy-sekteulerdi-30-nauryz-kuni-alyp-tastaidy/

pixel