Маржан Әкімжанова Президент іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Маржан Әкімжанова
Маржан Әкімжанова. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Маржан Әкімжанова Президент іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Әкімжанова Маржан Әбдіюсупқызы 1971 жылы 19 маусымда Алматы облысы Нарынқол ауданы Шалкөде ауылында дүниеге келді.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірді.

Әкімжанова Маржан еңбек жолын Ғылым академиясының Механика және машинатану институтының зертханашысынан бастап, шаруашылық меңгерушісі, кадр бөлімінің инспекторы, Жоғары кеңесінің редакциялық-баспа қызметінің маманы, министрлер кабинеті аппаратының ішкі саясат бөлімінің маманы, Үкімет аппаратының Аумақтық даму бөлімінің маманы, президенттің баспасөз қызметінде аға маман, референт, аға референт, сарапшы, аға сарапшы, бас сарапшы, консультант, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2012-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысының орынбасары болды.

2021 жылғы 4 ақпаннан бастап бүгінге дейін мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі қызметіне тағайындалған.

"Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен, Президент әкімшілігінің "Мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962137-marzan-akimzanova-prezident-is-basqarusysynyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/