Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдап, бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Президент пен Ұлттық банк төрағасы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездеу барысында Ғалымжан Пірматов президентке Ұлттық банктің 2022 жылғы 1-тоқсанда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде, сондай-ақ қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берген.

Ұлттық банк төрағасы мемлекет басшысына сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал жайында да баяндаған.

Сонымен қатар, Ғалымжан Пірматов валюта нарығында қалыптасқан үрдістер, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордағы активтердің жай-күйі туралы да айтқан.

Одан бөлек, ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияның қарқыны, банк жүйесіндегі депозиттер құрылымының өзгеруі, зейнетақы активтерінің жағдайы мен төлем жүйесінің дамуы жөнінде мәлімет берген.  

Кездесу соңында президент Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962179-toqaev-ulttyq-bank-toragasyn-qabyldap-birqatar-tapsyrma-berdi/