Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Панбаев мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Азамат Панбаев
Азамат Панбаев. Фото: МКК баспасөз қызметі

Азамат Панбаев мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Азамат Панбаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Азамат Панбаев 1987 жылы туған. 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2010 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіп комитетінен бастап, сарапшыдан басқарма басшысына дейін жоғарылаған.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының президент әкімшілігінде жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962237-azamat-panbaev-memlekettik-kirister-komiteti-toragasynyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel