Марат Шайхутдинов Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Шайхутдинов Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген өкімде.
Марат Шайхутдинов 1959 жылы Ақмола облысында туған. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1984-1986 жылдары Қазақстан Компартиясының Целиноград облысы Ерейментау аудандық комитетінің және Қазақстан Компартиясының Қарағанды қаласы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы;
1986-1990 жылдары Қазақстан Компартиясының Қарағанды қалалық комитетінің нұсқаушысы, идеология бөлімінің меңгерушісі;
1990-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі жанындағы орталықтың кіші ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры;
1994-1997 жылдары "Сары-Арқа" АӨК президенті;
1998-2000 жылдары "Мирас" ЖАҚ президенті;
2000-2005 жылдары Қазақстан-Ресей университетінің директоры;
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас инспекторы;
2006-2007 жылдары Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары;
2007-2009 жылдары Тұңғыш президент қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры;
2009 жылы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау комитетінің төрағасы;
2009-2015 жылдары Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары;
2015 жылғы маусымнан бүгінге дейін Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып қызмет еткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962463-marat-saixutdinov-qauipsizdik-kenesi-xatsysynyn-birinsi-orynbasary-qyzmetinen-bosatyldy/