Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан президентінің қандай өкілеттіктері қысқарады

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан үкіметінің отырысында президенттің жуырдағы жолдауын жүзеге асыру – Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған президенттік өкілеттіктерге өзгерістер енгізу туралы тармақтарды қамтитын жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында президенттік өкілеттіктерге қатысты мыналар көрсетілген:

  • президенттің өз өкілеттіктерін атқаруы кезінде саяси партияға мүшелігін тоқтату;
  • президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары басшысы лауазымын атқаруына тыйым салу;
  • президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе оларды тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастау;
  • аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін лауазымынан босату құқығын жою.

Сонымен қатар, партиялық құрылымдардың мемлекеттік аппаратпен бірігуіне жол берілмейтініні. Ол үшін Орталық сайлау комиссиясы, Есеп комитеті, Конституциялық кеңес төрағалары мен мүшелері міндетті түрде партия қатарынан шығады.

Сондай-ақ әкімдер мен олардың орынбасарларына саяси партиялардың филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салынбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962519-qazaqstan-prezidentinin-qandai-okilettikteri-qysqarady/

pixel