"Оң өзгерістер болады": Министр доллар бағамына қатысты пікір білдірді
Опубликовано:

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантыров доллар бағамына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ұлттық экономика министрі елдің валюта нарығындағы жағдайдың тұрақталғанын атап өтті.
"Доллар бағамын қайта қарастырамыз. Қазір бағам бір долларға 500 теңгеден төмен екенін көріп отырмыз. Тиісінше, жыл бойынша төмен болады. Қазір бағам тұрақталып келеді, ревальвация басталды. Менің ойымша, оң өзгерістер болады", – деді Қуантыров үкімет кулуарында.
Каспий құбыр желісі консорциумындағы апатқа қатысты министр уақытша шектеулер, КТҚ-ның жекелеген техникалық қуаттарының тоқтауы өтелетінін атап өтті.
"Біз мұнай бағасының жоғары болуы есебінен қосымша пайда табамыз ", - деп түсіндірді министр.
Министр мұнай бағасына да болжам жасады.
"Барреліне 60 доллардан жоғары, бірақ 120 доллардан төмен болатыны анық. Болашаққа қорымыз болуы үшін, біз үнемі консервативті көзқараспен қараймыз. Егер баға бюджетте жоспарлағаннан жоғары болса, тиісінше бізге қосымша түсім түседі. Бұл болжамды асыра сілтеп, кейін аз түсім алғаннан әлдеқайда жақсы", – деп қорытындылады Әлібек Қуантыров.
Еске салсақ, таңғы сауда қорытындысы бойынша KASE-де доллар тағы 10 теңгеге арзандап, 473,61 теңгеге дейін түсті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962578-on-ozgerister-bolady-ministr-dollar-bagamyna-qatysty-pikir-bildirdi/