Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобын құруды тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда жұмыс тобы құрылсын", - делінген құжатта.

Жұмыс тобына бір ай мерзімде ұсыныстарды тұжырымдау тапсырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы және отыз бірінші сессиясын шақыру туралы құжатқа қол қойған еді.

Отызыншы сессия 28 сәуірде, отыз бірінші сессия 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962659-toqaev-konstituciyaga-ozgerister-men-tolyqtyrular-engizu-zonindegi-zumys-tobyn-qurudy-tapsyrdy/

pixel