Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Константин Авершин Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді

Опубликовано:

Константин Авершин
Константин Авершин. Видеодан кадр: Youtube.com / Парламент мәжілісі

Мәжіліс отырысында жаңадан сайланған депутат Константин Авершин Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төменгі палатаның төрағасы Ерлан Қошанов жаңа мәжілісменді палата мүшелеріне таныстырды.

Ал Константин Авершин Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіне жүктелген мәртебелі міндетті адал атқаруға ант етті.

Ол мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін 14 наурызда "Аманат" партиясынан Зульфия Сүлейменова мен Қазақстан халқы ассамблеясынан Владимир Тохтасуновтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтағанын жазған едік.

Сонымен қатар 9 наурызда депутат атанған айтыскер ақын Аманжол Әлтай мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962719-deputat-konstantin-aversin-qazaqstan-xalqyna-adal-qyzmet-etuge-ant-berdi/

pixel