Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дархан Кәлетаев Молдовадағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Дархан Кәлетаев
Дархан Кәлетаев. Фото: Sputnik Қазақстан

Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Кәлетаев Молдовадағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген құжатта.

Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқара беретін болады.

Айта кетейік, Дархан Кәлетаев аталған қызметке 2020 жылғы ақпан айында тағайындалған еді.

Оған дейін Кәлетаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры болған.

Сондай-ақ 2016 жылдың қазан айында президент жарлығымен парламент сенатының депутаты болып сайланды.

2018 жылдың сәуір айында Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Сол жылы маусымда ол басқарған министрлік Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталып, Кәлетаев басшысы болып тағайындалды.

Ал 2019 жылдың 1 наурызында премьер-министр кеңсесінің басшысы лауазымына келді.

Сол жылы 25 наурыз бен 18 желтоқсан аралығында Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962754-darxan-kaletaev-moldovadagy-qazaqstannyn-totense-zane-okiletti-elsisi-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel