Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар мемлекеттегі Қазақстан елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент жарлығымен :

  • Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
  • Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына;
  • Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Кәлетаев Молдовадағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылғанын жазған едік.

Ол Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқара беретін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962759-toqaev-birqatar-eldegi-qazaqstan-elsilerin-tagaiyndady/

pixel