Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақордада үкіметпен кеңес өткізеді

Опубликовано:

Ақорданың іші
Фото: t.me/bort_01

Президент баспасөз қызметінің Telegram арнасы Ақордада өтетін кеңестің дайындық барысын көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ақорда резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қаржы-экономика саласындағы өзекті мәселелер жөнінде кеңес өтеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар мемлекеттегі Қазақстан елшілері тағайындалды.

Президент жарлығымен :

  • Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
  • Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына;
  • Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962820-toqaev-aqordada-ukimetpen-kenes-otkizedi/