Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шапкенов министрлер, әкімдер мен депутаттардың жалақысына қатысты мораторийге пікір білдірді

Опубликовано:

Министр айлыққа жарияланған мораторийге қатысты жауап берді
Көрнекі фото: Pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов сенат кулуарында президенттің министрлер, әкімдер және депутаттардың жалақысын алдағы бес жылға дейін көтеруге мораторий жариялауына байланысты шағымдар болған-болмағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Серік Шапкеновтың айтуынша, бұл мәселе бойынша оған қарасты ведомствоға ешқандай шағым келіп түспеген.

"Шағым болмады. Президентті толықтай қолдаймын. Министрлердің алатын айлығы жеткілікті мөлшерде деген пікірдемін. Қазіргі уақытта менің де алатын айлығымның мөлшері — адекватты. Сондықтан бұл қаражат жеткілікті", - деді министр.

Сондай-ақ ол "министрлер жалақысына байланысты жұмыстан кетуі мүмкін бе" деген сұраққа жауап берді.

"Әр министр өзі үшін жауап береді", - деп қысқа қайырды Серік Шапкенов.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелері, әкімдер мен депутаттар үшін жалақыны көтеруге бес жылдық мораторий енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Тыйым ресми түрде 2022 жылдың 1 ақпанында үкімет отырысында енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962957-sapkenov-ministrler-akimder-men-deputattardyn-zalaqysyna-qatysty-moratoriige-pikir-bildirdi/

pixel