Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қошанов президентке мәжілістің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерлан Қошанов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерлан Қошанов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мәжіліс спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты жолдауының негізгі бағыттарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі төменгі палатаның атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берді.

Президентке берілген ақпаратқа сәйкес екінші сессия басталғалы бері мәжіліс депутаттарының қарауына 96 заң жобасы түскен және оның 53-і мақұлданып, сенатқа жолданған.

Сонымен қатар мәжіліс төрағасы парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматтары туралы айтты.

Ерлан Қошановтың сөзінше, депутаттар енді өз жұмыстарында ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді.

Одан бөлек қоғамдағы өте маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдалымдар мен басқа да іс-шаралар жиі өтеді.

Сондай-ақ парламенттің төменгі палатасында азаматтардың өтініштері мен талап-тілектеріне, соның ішінде депутаттардың өңірлерге сапары барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстың жаңа тетіктері енгізіледі.

Мәжілісмендер жергілікті жерлерде сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962992-toqaev-mazilis-spikeri-erlan-qosanovty-qabyldady/

pixel