Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мұсылмандар қауымын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наурызбай қажы Тағанұлы
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде президент Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, мүфтият осы жылды "Ислам – ынтымақ пен бірлік діні" деп жариялаған. Осыған байланысты елімізде жыл бойына  аталған тақырыпта форумдар өткізіледі.

Сонымен қатар дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жас қыз-келіншектерді имандылыққа баулитын "Әжелер мектебінің" ашылғаны жайлы айтылды.

Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ораза айында ұйымдастыратын шаралары туралы мәлімет берілді. Наурызбай қажы алдағы уақытта түркітілдес елдердің Бас мүфтилерінің алқасы құрылатынын жеткізді.

Айта кетейік, ертең 2 сәуірде қасиетті Рамазан айы басталады.

  • 2 мамыр – Ораза айт күні.
  • 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Сонымен қатар биылғы пітір садақа мөлшері – 500 теңге болып бекітілді. Одан бөлек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республика аймақтарына арналған Рамазан айындағы ораза мен намаз кестесін жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963164-toqaev-musylmandar-qauymyn-ramazan-aiynyn-bastaluymen-quttyqtady/

pixel