Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибігүл Асылова премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Бибігүл Асылова
Бибігүл Асылова. Фото: primeminister.kz

Бибігүл Асылова Қазақстан премьер-министрінің әлеуметтік блок бойынша кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің ресми Telegram арнасы хабарлады.

"ҚР премьер-министрінің өкімімен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды",- делінген хабарламада.

Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады.

1994-1998 жылдары — Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеді.

1998-2016 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді.

2016 жылғы маусымнан бастап 2022 жылдың 11 наурызына дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963230-bibigul-asylov-premer-ministrdin-kenessisi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel