Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичке құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичке құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Александр Вучичті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Сербия Республикасының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады. , деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – отандастарыңыздың сізге және Сербияның дамуын баянды етуге, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған саралы саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Осы ретте, Сіздің басшылығыңызбен еліңіз одан әрі өркендеп, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Қазақстан президенті екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген мазмұнды саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстардың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ әлеуеті зор ынтымақтастықты одан әрі өркендету үшін Сербия Президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін растады.

Мемлекет басшысы сербиялық әріптесіне сарқылмас күш-қуат, аса жауапты қызметі мен қолға алған тың бастамаларына толағай табыс, ал достас серб халқына мол бақыт, құт-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963454-memleket-bassysy-serbiya-prezidenti-aleksandr-vucicke-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel