Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ Ресейдің ірі банктеріне және Путиннің екі қызына санкция енгізуді жоспарлап отыр

Опубликовано:

АҚШ Ресейге қатысты жаңа санкция енгізеді
Көрнекі фото: pixabay.com

Америка құрама штаттары Ресейдің ірі банктеріне, сондай-ақ Владимир Путиннің екі қызына cанкциялар енгізбекші, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Wall Street Journal жаңалықтарына сілтеме жасап.

Санкциялар осы аптаның сәрсенбісінде енгізіледі деп жоспарлануда.

Шаралар Ресейдің екі ірі банкіне — Альфа-Банк пен Сбербанкке, сондай-ақ Путиннің қыздары — Мария Путин мен Катерина Тихоноваға әсер етеді.

Санкцияның жаңа пакеті Украинаның Буча қаласында құрбан болған жандар туралы жаңалықтардан кейін енгізілді. Мәскеу қатыгездікті көрсететін барлық фотосуреттер мен бейнелер жалған деп мәлімдейді.

Өткен айда Великобритания тарапынан енгізілген санкциялар Альфа-банкке де қатысты болған.

Сәуір айының басында Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Кейт Бедингфилд АҚШ Ресей мен Белорусь мемлекетінің 120 мекемесіне санкция енгізетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963682-aqs-reseidin-iri-bankterine-zane-putinnin-eki-qyzyna-sankciya-engizudi-zosparlap-otyr/

pixel