Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасымен келіссөз жүргізеді

Опубликовано:

Рим папасы
Фото: Alessandra Benedetti - Corbis/Corbis via Getty Images

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасы Францискпен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі Telegram-каналында.

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Кездесу онлайн форматта өтеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады.

Президентке халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалақыны көтеру ісінің 1 миллионнан астам бюджеттік сала қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналын қамтитынын хабарлады. Сондай-ақ кәсіпкерлікке міндеттемелер белгілеу арқылы мемлекеттен көмек алатын ірі бизнестегі 2,8 миллион қызметкердің еңбек табысын арттыру қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964497-qasym-zomart-toqaev-rim-papasymen-kelissoz-zurgizedi/