Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне оралуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова. Фото: Sputnik Қазақстан/ Болат Шайхинов

Тамара Дүйсенова үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қайта оралуына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін, 2018 жылдың ақпан айынан бері алғаш рет Тамара Дүйсенова үкімет отырысына қатысты. Күні кеше ол Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрі болып қайта тағайындалған еді.

Кейінірек министрлер кабинетінің кулуарында журналистер Тамара Дүйсенованы сұрақтың астына алды. БАҚ өкілдерін министр демалып үлгерді ме, деген сұрақ қызықтырған.

Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев кезінде "Тамара, сен бұл қызметтен шаршадың ба?" деп сұрап, кейін отставкаға жіберген еді.

Журналистердің сауалына жауап берген министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін үздіксіз жұмыс істеп келеді.

"Маған уақыт, бір ай беріңіздер. Содан соң сіздердің алдарыңызға шығып, барлық сұраққа жауап беремін", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964656-tamara-duisenova-enbek-zane-xalyqty-aleumettik-qorgau-ministrligine-oraluyna-qatystypikir-bildirdi/

pixel