Тоқаев Берік Уәлиге "Хабар" телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

Опубликовано:

Тоқаев Берік Уәлиді қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында президентке Берік Уәли "Хабар" Агенттігі" АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндады.

Сондай-ақ алдағы кезеңде іске қосу жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде ақпарат берді.

Одан бөлек Берік Уәли президентке агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, "Хабар" телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесу өткізгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964826-toqaev-xabar-agenttigi-aq-basqarma-toragasy-berik-ualidi-qabyldady/