Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі лауазымынан босатылды

Опубликовано:

министр
Мағзұм Мырзағалиев. Фото: Экология министрлігі

Мағзұм Мырзағалиев президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылы қаңтарда Президент кеңесшісі болып тағайындалған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі қызметін атқарған болатын.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматыда дүниеге келген.

1999 жылы "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын да осы мамандық бойынша бітірген.

Еңбек өтілін 2000 жылы Ақмола облыстық орман басқармасының Қаржы және экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы лауазымынан бастады.

Әр жылдары "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі болды.

"Құрмет" орденімен және екі медальмен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964961-magzum-myrzagaliev-prezident-kenessisi-lauazymynan-bosatyldy/

pixel