Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ержан Сәрсенбай "Жасыл Даму" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Ержан Сәрсенбай
Ержан Сәрсенбай. Фото: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

"Жасыл Даму" АҚ басқарма төрағасы болып Ержан Сәрсенбай тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ержан Сәрсенбай 2001-2006 жылдары Қаржы министрлігінде жетекші маман лауазымынан басқарма басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған.

Әр жылдары премьер-министр кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімі Ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі, "Қазақстан даму банкі" АҚ Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы, "НК Продкорпорация"АҚ Несиелендіру және несиені әкімшілендіру департаментінің директоры болған.

Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, ҰЭМ Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры сынды қызметтер атқарған.

2021 жылғы ақпаннан бастап 2022 жылғы ақпан айына дейін "Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасы болған.

Айта кетейік, бұған дейін "Жасыл Даму" АҚ басқарма төрағасы лауазымын Жанат Саматқызы атқарған болатын. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965061-erzan-sarsenbai-zasyl-damu-aq-basqarma-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel