Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында лауазымды шенеуніктер мүгедектерден пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Еңбек министрлігінің өкілдері мүгедек жандардан пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми Telegram парақшасына сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы және осы ведомствоның бөлім басшысына қатысты мүгедектікті кедергісіз ұзартқаны үшін жүйелі негізде мүгедектерден 30 000-нан 70 000 теңгеге дейін пара алған қылмыстық істі тергеуде",- делінген хабарламада.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында сатып алынатын тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасын негізсіз көтеру фактілері анықталғанын жазған едік.

Сондай-ақ "Петропавл қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығы" КММ 17 776 750 теңгеге бір келі макарон сатып алуды жоспарлағанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965281-atyrau-oblysynda-lauazymdy-seneunikter-mugedekterden-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/