Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев AMANAT партиясының кезектен тыс съезін шақырды

Опубликовано:

Аманат
Фото: facebook.com / Асхат Оралов

AMANAT партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін AMANAT партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады.

Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.

Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда", - деді Асхат Оралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966154-toqaev-amanat-partiyasynyn-kezekten-tys-sezin-saqyrdy/

pixel