Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президентке қатысты шектеулер министрлер мен әкімдерге қолданыла ма

Опубликовано:

шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев президентке қатысты шектеулердің әкімдер мен министрлерге қолданылуы туралы сауалға жауап берді. Айтуынша, бұл мәселе болашақта қарастырылуға тиіс, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәулен Әшімбаев президенттің өкілеттігін шектейтін нормалар конституциялық реформаның бір бөлігі ретінде қарастырылып жатқанын айтты.

"Басқа тұлғаларға қатысты, мейлі ол министр болсын, мейлі әкім болсын, мұны болашақта қарастыру керек. Оның қандай формада болатынын қазір айту қиындау. Ең алдымен, президентке қатысты шектеулерді рәсімдеу маңызды.

Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның ішінде сенаторларымыз да бар. Конституцияда үлкен өзгерістер болады. Біз барлық мәселені қарастырамыз", - деді сенат спикері.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы барысында президент туыстарының басшылық қызметтер атқаруына тыйым салынатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966179-prezidentten-keiin-akimder-men-ministrlerdin-quqyqtary-sektele-me/

pixel