Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ: Серік Күдебаев Ішкі істер органдарынан кетті

Опубликовано:

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: instagram.com/police_almobl

Алматы облысы полиция департаметінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне растады.

"Күдебаев Серік Мырзақұлұлы атқарып отырған лауазымынан босатылып, Ішкі істер органдарынан кетті", - деп хабардар етті ведомстводан.

Еске сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Алматы облысы полиция департаметінің басшысы болып Арыстанғани Заппаров тағайындалған болатын.

Кейін ІІМ тәртіптік комиссиясы төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы бойынша полиция департаменті басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қызметтік тергеу материалдарын қарағаны белгілі болды.

Нәтижесінде Алматы облысы ПД бастығының орынбасалары мен Талдықорған қалалық ПБ басшысы қызметінен босатылды.

Одан бөлек екі полиция департаменті мен ҰҚК-нің Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша департаментінің басшыларына қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966606-iim-serik-kudebaev-iski-ister-organdarynan-sygaryldy/

pixel