Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Макронды Франция президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Опубликовано:

мемлекет басшысы мен Франция президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Эммануэль Макронды Француз Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтаған.

Президент Эммануэль Макронның сайлаудағы айқын жеңісі Францияның ұлттық мүддесін қорғау және елді өркендету жолындағы оның қажырлы қызметіне халықтың берген жоғары бағасы мен сенімінің айғағы екенін атап өткен.

Одан бөлек жеделхатта мемлекет басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін бірге күш жұмылдыруға дайын екенін нақтылаған.

"Осыған байланысты Қазақстан мен Франция арасындағы сан қырлы ықпалдастықты нығайту жолдарын талқылау үшін өзара қолайлы уақытта сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Франция көшбасшысына сарқылмас күш-қуат және аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас француз халқына мол бақыт пен құт-береке тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Франциядағы президенттік сайлауда Эммануэль Макрон жеңіске жеткенін жазған едік.

Дауыс беру нәтижесінің қорытындысы бойынша ол 58,55 пайыз, ал қарсыласы Марин Ле Пен 41,45 пайыз дауыс жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966613-toqaev-makrondy-franciya-prezidenti-lauazymyna-qaita-sailanuymen-quttyqtady/

pixel