Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қошанов Тұңғыш президент туралы заң қашан күшін жоятынын айтты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов БАҚ өкілдеріне баспасөз алаңында Конституцияға енгізу жоспарланып отырған түзетулерге қатысты пікір білдірді, деп жазады NUR.KZ тілшісі.

"Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша Елбасы мәртебесі алып тасталады. Конституцияда Назарбаевтың осы мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлі қалады. Бұл норма қабылданғаннан кейін "Тұңғыш президент туралы" Конституциялық заң да күшін жояды", - дейді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, бұған дейін Елбасының өкілеттігін Конституциядан алып тастау жоспарланып отырғаны белгілі болған еді.

Сонымен қатар Конституцияға өзгертулер енгізілгеннен кейін Тұңғыш президенттің мәртебесі туралы жеке заң да болмайтыны айтылды.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір бойы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуін тоқтату туралы түзетулерді қаңтар айында мәжіліс қарап, ақпан айында заң жобасын сенат қабылдаған болатын.

Тұңғыш президенттің өкілеттіктерін қысқарту мәселесі алдағы уақытта қарастырыла ма деген сұраққа бұған дейін Әділет министрі де жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967028-erlan-qosanov-tungys-prezident-turaly-zan-qasan-kusin-zoyatynyn-aitty/

pixel