Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пабликтарда таралып жатқан видеоға байланысты келесіні хабарлайды:

2022 жылғы 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен Е. Назарбаев агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Ербол Назарбаев 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967705-erbol-nazarbaev-antikordagy-qyzmetinen-bosatylgan/

pixel