Путин қай елдерге қарсы экономикалық шаралар туралы жарлыққа қол қойды

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті кейбір мемлекеттердің жағымсыз әрекеттеріне жауап ретінде экономикалық шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Путин қол қойған жарлық ресейлік санкциялар енгізілген тұлғалардың пайдасына шикізат пен өнімді Ресейден әкетуге тыйым салады.

Сонымен қатар, жарлыққа сәйкес, Ресейдің санкцияларына ұшыраған басқа елдердің заңды және жеке тұлғалары алдында мәмілелер жасауға және міндеттемелерді орындауға тыйым салынады.

Ресей үкіметіне 10 күн ішінде қарсы шаралар қолданылатын адамдардың тізімін жасау тапсырылды. Құжат жарияланған сәттен бастап күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967835-putin-qai-elderge-qarsy-ekonomikalyq-saralar-turaly-zarlyqqa-qol-qoidy/