Президент Назарбаев университетіне барды (фото)

Опубликовано:

Тоқаев Назарбаев университетіне барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев университетіне барды. Ол жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Университетке келген Қасым-Жомарт Тоқаев кампусты, ғылыми орталықтар мен зертханаларды дамыту жоспарын көрді.

Тоқаев Назарбаев университетіне барды
Фото: Ақорда

Сонымен қатар президент ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және спорт салаларындағы әртүрлі білім беру жобалары мен бағдарламаларымен танысты. Университет осы жобалар мен бағдарламалар арқылы мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді.

Тоқаев Назарбаев университетіне барды
Фото: Ақорда

Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа университеттің шетелдік жетекші ғылыми, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығы, медицина және инновациялық кластерлердің жұмыстары, сондай-ақ оқу орны түлектерінің стартап-жобалары жөнінде мәлімет берілді.

Тоқаев Назарбаев университетіне барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының жобаларымен және Энергетикалық ғарыш зертханасының қызметімен де танысты.

Тоқаев Назарбаев университетіне барды
Фото: Ақорда

Оқу орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесіп, университеттің құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Тоқаев Назарбаев университетіне барды
Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967994-prezident-nazarbaev-universitetine-bardy-foto/