Депутат Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумның шамамен қай күні өтетінін айтты

Опубликовано:

Ата заң
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов палата кулуарында ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумның қашан өтуі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арман Қожахметовтің сөзінше, нақты өтетін күн президенттің тиісті жарлығында көрсетіледі.

"Біз бүгін-ертең президенттің жарлығы шығуы мүмкін деп күтіп отырмыз және мұны жарлықтан көретін боламыз.

Ыңғайлы күн - демалыс күні, 5 маусым", - деді спикер.

Еске сала кетейік, 29 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынған еді.

Бүгін, 5 мамырда мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заң жобасына сенат енгізген толықтырумен келісті.

Осылайша, құжат парламентте қабылданды деп есептеледі және қол қою үшін мемлекет басшысына жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968200-deputat-konstituciyaga-ozgerister-engizu-zonindegi-referendumnyn-samamen-qai-kuni-otetinin-aitty/