Тоқаевтың жарлығымен Ұлы Отан соғысының үш ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлы Отан соғысының үш ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді, деп хабарлайды Ақорда.

"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

  • Әбдібеков Төлеуғали  Насырханұлы (марқұм) – 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені
  • Несмиянов Александр Александрович (марқұм) – 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі
  • Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы", - делінген құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968281-toqaevtyn-zarlygymen-uly-otan-sogysynyn-us-ardagerine-xalyq-qaharmany-atagy-berildi/