Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның Мысырдағы елшісіне сөгіс жариялады

Опубликовано:

Қайрат Лама Шариф
Қайрат Лама Шариф. Фото: mfa.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Египет Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елші Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады. Бұл туралы Борт №1 Telegram арнасы хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады", - делінген хабарламада.

Қайрат Лама Шариф аталған лауазымға 2020 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған еді.

Бұған дейін ол Сыртқы істер министрлігі ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Біріккен Араб Әмірлігіндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Халықаралық жаңартылатын энергия агенттігіндегі тұрақты өкілі қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968328-toqaev-qazaqstannyn-mysyrdagy-elsisine-sogis-zariyalady/

pixel