Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірқатар елдің басшысын Жеңіс күнімен құттықтады

Опубликовано:

Мәңгілік алау
Көрнекі фото: Sputnik / Евгений Епанчинцев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне орай бірқатар елдің президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және үкіметтерінің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті өз құттықтауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғысын жолдап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және құт-береке тіледі.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Жеңіс күнімен Қазақстан халқын құттықтаған болатын. Сонымен қатар ол "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968590-toqaev-biraqtar-eldin-bassylaryn-zenis-kunimen-quttyqtady/

pixel