Тоқаев Түркияға мемлекеттік сапармен барды (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі өзінің ресми Telegram-арнасында.

Түркия астанасы "Есенбоға" халықаралық әуежайында Қазақстан президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Сапар туралы ақпараттар Ақорданың ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968642-toqaev-turkiyaga-memlekettik-saparmen-bardy/

jitsu gif