Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қазақстан –Түркиядан ешқашан да, ешқандай да зиян шекпеген ел

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа баға берді, деп хабарлайды Ақорда.

"Түркия – біздің тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған ел. Оны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Қазақстан –Түркиядан ешқашан да, ешқандай да зиян шекпеген ел. Әлі де солай жалғасып келеді.

Қазақстан мен Түркия – тамырлас, бауырлас, достас мемлекеттер. Біздің шетелдегі алғашқы елшілігіміз Анкарада ашылған. Мұның символдық мәні зор.

Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына биыл 30 жыл толды. Осы кезеңде біздің ынтымақтастығымыз нығайып, стратегиялық серіктестікке айналды. Ауқымды шарттық-құқықтық негіз қалыптасты. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс, жаһандық және өңірлік құрылымдар аясындағы ықпалдастық ойдағыдай дамып келе жатыр", – деді Қазақстан президенті.

Еске сала кетейік, кеше, 10 мамырдағы ресми іс-шаралардың соңында Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968683-toqaev-qazaqstan-turkiyadan-esqasan-da-esqandai-da-ziyan-sekpegen-el/

pixel