Мәжіліс жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын талқылайды

Опубликовано:

Мәжіліс1
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан Республикасы азаматтарының банкроттығына қатысты заң жобаларын талқылайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайыновтың айтуынша, "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасының мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетсіздігіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған қазіргі заманғы төлем қабілеттігін қалпына келтіру институтын құру.

Атап айтқанда, борышкерлерге қатысты соттан тыс банкрот рәсімі, төлем қабілеттігін қалпына келтіру және сот банкроттығының қарастырылғаны белгілі болды.

Бұл ретте әкімшілік жауапкершілікті белгілеу қажеттігі көзделген.

"Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобаларын қарап, ол бойынша 2023 жылдың 26 сәуіріне дейін қорытынды дайындауға әзір", - деп сөзін түйіндеді сөзін Марат Құсайынов.

Сонымен қатар депутаттар ілеспе заң жобасын да қарайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968736-mazilis-zeke-tulgalardyn-bankrottygy-turaly-zan-zobasyn-talqylaidy/