Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Түркия кәсіпкерлерінің Қазақстандағы жобаларымен танысты

Опубликовано:

Тоқаевтың Түркияға сапары
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобаларымен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорда.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев Мемлекет басшысына бірлескен жобалар туралы айтты.

Тоқаевтың Түркияға сапары
Фото: Ақорда

Президентке кальций қосылған сода өндіретін Yildirim Group, геологиялық барлау бойынша Eczacıbaşı Holdıng, медициналық және респираторлық бетперделер шығаратын MFA Maske, желатин өндіретін Iskefe Holdıng, агроөнеркәсіп тауарларын өндіруші Tiryaki Holding, құрылыс материалдарын, медициналық жабдықтар мен жиһаз өндіретін YDA Group, Алматы қаласындағы әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысын жүргізіп жатқан TAV Havalimanlari Holding, сауда орталығының құрылысын жүргізіп жатқан Kayatürk Group, агроөнеркәсіп өнімдерін өндіретін Koç Holdıng, фармацевтикалық өнімдерді өндіретін Atabay Kımya Sanayı Ve Tıcaret AS, сэндвич панельдерді өндіретін Panelsan, қағаз өнімдерін өндіретін Isıklar, геологиялық барлау және агроөнімдерді өндіретін Çalık Holdıng, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін Goknur Gida компанияларының жобалары таныстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968762-toqaevqa-turkiya-kasipkerlerinin-qazaqstanda-qandai-zobalardy-zuzege-asyryp-zatqany-korsetildi/

pixel