Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуге 16 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалады

Опубликовано:

Референдум өткізу
Көрнекі фото: gov.kz

Министрлер кабинетінің отырысынан соң БАҚ-қа сұхбат берген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуге мемлекеттік бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 460 млн теңге бөлінеді", - деді қаржы министрі.

Оның айтуынша, тиісті есептеулерді Орталық референдум комиссиясы ұсынған.

"Бүгін үкімет тиісті қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді", - деп түйіндеді сөзін Жамаубаев.

Еске сала кетсек, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум елімізде 5 маусым күні өтеді.

Бұған дейін референдум өткізу жоспары жарияланып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жарияланған болатын.

Сондай-ақ Орталық референдум комиссиясы референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтар қатарына кімдер енгізілетінін, сонымен қатар референдум бюллетенінде қандай жауаптар болатынын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968938-konstituciyaga-ozgerister-engizu-boiynsa-referendum-otkizuge-16-mlrd-tengeden-asa-qarazat-zumsalady/

pixel