Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан президентін суретке түсіретін кім екені белгілі болды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі журналистердің өтініші бойынша "Борт №1" Telegram арнасында мемлекет басшысының фото-видеосын түсіретін қызметкерлер жайлы мәлімет жариялады.

Қазақстан президенті жайлы фото-видео контентті үш адам әзірлейтін болып шықты.

Президенттің жеке фотографы – Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен парламент сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді.

Тағы бір жеке фотограф – Ғани Өмірбеков. Ол 1987 жылы туған. Ғанидың президент баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болған.

Қазақстан президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде әлеуметтік желілердегі парақшаларда тараған видеоларды жасаған – Ғабиден Құрышбеков есімді азамат. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өтпеген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968978-qazaqstan-prezidentin-suretke-tusiretin-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel