Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бахтияр Қожахметов қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Бахтияр Қожахметов
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Бахтияр Дүйсенбайұлы Қожахметов қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Бахтияр Қожахметов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Карлов университетін, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда маман ретінде бастаған.

Әр жылдары "ҰАТ" АҚ, "Зерде" ҰИХ" АҚ, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары — "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ төрағасының орынбасары.

2017-2019 жылдары — "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарушы директоры.

2020-2021 жылдары — "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма мүшесі – төрағасының орынбасары.

2021 жылғы ақпаннан бастап ҚР қаржы вице-министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969056-baxtiyar-qozaxmetov-qarzy-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel