Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлттық қордан трансферт мөлшерін 4 трлн теңгеге ұлғайту туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, сәуір айының соңында парламент мәжілісі Ұлттық қордан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 триллион теңгеге ұлғайтуды мақұлдаған болатын.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов қаражат президент тапсырмаларын іске асыру үшін қосымша қаржыландыру аясында республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969063-toqaev-kepildendirilgen-transfertke-qatysty-zanga-qol-qoidy/

pixel