Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды

Опубликовано:

Тоқаев заң
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Бұған дейін сенатта Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт пен республикалық бюджет туралы ҚР заңына өзгеріс енгізу заңнамасы қабылданған болатын.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев президент тапсырмаларын орындауға 1,8 трлн теңге, әлеуметтік шығыстар мен теңге бағамына – 173 млрд теңге, бағдарламалық құжаттар мен шұғыл міндеттемелерге – 476 млрд теңге қарастырылғанын айтқан еді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 4 трлн теңгеге ұлғайту туралы заңға қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969064-prezident-2022-2024-zyldarga-arnalgan-respublikalyq-byudzetke-qol-qoidy/

pixel