Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентінің көз жұмуына байланысты көңіл айтты

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президентінің көз жұмуына байланысты оның жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға және шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айттым.

Шейх Халифа Әмірліктердің дамуы мен халқының игілігі жолында ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызмет етті. Қазақстан халқы шейх Халифа Әл Наһаянды екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға сүбелі еңбек сіңірген тұлға ретінде есте сақтайды. Марқұмның иманы саламат болсын!" - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Біріккен Араб Әмірліктерінің 73 жастағы президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайянның өмірден өткені хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969248-qasym-zomart-toqaev-baa-prezidentinin-koz-zumuyna-bailanysty-konil-aitty/

pixel