Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы көшелердің біріне көз жұмған БАӘ президентінің есімі беріледі

Опубликовано:

Халифа бен Зайд Әл Нахайян
Халифа бен Зайд Әл Нахаян. Фото: BERTRAND LANGLOIS/AFP via Getty Images

Елордадағы көшелердің біріне 13 мамыр күні қайтыс болған БАӘ президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның есімі беріледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ барған сапарында белгілі болды, деп хабарлайды Ақорда.

Бүгін, 15 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне келді.

Кездесу барысында БАӘ президенті осындай ауыр жағдайда арнайы келіп, жеке қолдау көрсеткені үшін Қазақстан көшбасшысына ризашылығын білдірген. Сондай-ақ елорда көшелерінің біріне шейх Халифаның аты берілетініне алғысын айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырған.

Еске сала кетсек, БАӘ президенті 13 мамыр күні ұзаққа созылған аурудан қайтыс болған еді. Оның қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

Ал 14 мамырда Біріккен Араб Әмірлігінің жаңа президенті таңдалды. Елдің жаңа басшысы болып жоғарғы федералды кеңестің шешімімен Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы Мұхаммад ибн Заид Аль Нахайян сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969351-nur-sultandagy-koselerdin-birine-koz-zumgan-baa-prezidentinin-esimi-beriledi/

pixel