Тоқаев Мәскеудегі таңғы серуеннен фото жариялады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram парақшасында Ресей астанасындағы серуеннен фото жариялады.
Күні кеше мемлекет басшысы ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барған болатын.
"Таңғы серуен", - деп жазды президент желідегі парақшасында.
Сондай-ақ фотодан Қасым-Жомарт Тоқаевтың жанында жүрген Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев пен президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханды да көруге болады.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге барған болатын.
Ұйымның іс-шарасы бүгін, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969498-toqaev-maskeudegi-tangy-seruennen-foto-zariyalady/